Musicola Арман жолдар (0), lyrics

Арман жолдар lyrics

Musicola

Арман жолдар

4
0

Share:



 
Жолдар жолдар келем жолда сапар кешiп
Бұлттар бұлттар бiзбен бiрге атар көшiп
Тағдыр желi туған жерден ауған талай
Көздiң жасы нөсер жауын жауған талай
Сағыныштан…
 
Припев:
Ахау охау жолдар жол-ай
Өттi-ау талай өмiр солай.
 
Жолдар жолдар дала теңiз таулар асқан
Айы туып жұлдыз жанып баурап аспан
Жақсы жақсы жандар көрдiк жолда талай
Арман болған бақтың құсы қонған талай
 
Припев:
Ахау ахау жолдар жол-ай
Өттi-ау талай өмiр солай
 
Тiрлiк тоғай сан адастық орманында
Қимас достар таптық өмiр жолдарында
Досты сүйген жүрегiммен суйем елiм
Туып оскен алдында бас ием елiм.
 
Припев:
Ахау ахау жолдар жол-ай
Өттi-ау талай өмiр солай
 
Жолдар жолдар бiрге болсын сапарымыз
Жұлдыз өшiп сиреп қалмай қатарымыз
Үмiт болып туа бершi Алдан жолдар
Алыс алыс жетелей бер арман жолдар 







Comments

Ерке Ерке

03 2018

Маған ұнайды

27.06.2018
Music Videos
Musicola
Арман жолдар