Қара жорға lyrics

Мұратқазы

2019

0
0

Share:



Қара жорға болмаса
Бидің сәні келем
Қос етек көйлек кимесе,
Қыздың сәні келеме
Бұлғары етті бос табан
Қол жын қайырып тастаған
Қара жорға биімен тойдың сәнін бастаған

Қайырмасы
Қара жорға ойнаңдар,қой деседе қоймаңдар
Қос жүректің шаттығын дәл осылай тойлаңдар
Қара жорға қайдасың армандарың қалмасын
Халық биі осылай ұрпақтарға жалғалсын

Қыран жігіт үйіліп көз қарасы қиылып
Шаттықпенен әрқашан бас қосайық жиылып
Ағалар жүр шаттанып жеңгелер жүр мақтанып
Әр қазақтың төрінен байлық болсын бақтары

Қайырмасы
Қара жорға ойнаңдар,қой деседе қоймаңдар
Қос жүректің шаттығын дәл осылай тойлаңдар
Қара жорға қайдасың армандарың қалмасын
Халық биі осылай ұрпақтарға жалғалсын

Қара жорға айбарым қара жорға қайнарым
Қазағымның көгінен желбіресін байрағың
Армандары талған шын қырандайын самғасын
Қара жорға биінен қазақты әлем аңғарсын

Қайырмасы
Қара жорға ойнаңдар,қой деседе қоймаңдар
Қос жүректің шаттығын дәл осылай тойлаңдар
Қара жорға қайдасың армандарың қалмасын
Халық биі осылай ұрпақтарға жалғансын


Мұратқазы, Қара жорға lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

02.05.2019
Users