Share:





Загрузка...



Суретші суретін сала алмас
Ақындар теңеуін таба алмас
Жұлдыздар аспандап тұрғанда
Дәл сендей жарық болып жана алмас
Ғалымдар жұмбағын таппаған
Сүттен ақ, балдан да тәтті адам
Мендегі жүректі сенсің
Жауын мен дауылдардан сақтаған.

Қайырмасы:
Мен үшін бәрінен дарасың
Таңдауым бір өзің ғанасың
Қандайсың сондай боп қаласың
Барлық дүние өзгеріп кетсе де
Жердегі жандардан басқасың
Әр сөзім сырымды растасын
Әрқашан он сегіз жастасың
Бір жыл, бір ғасыр өтсе де

Баянды бақытым бағалым
Атыңды тұмар қып тағамын
Самғашы көңіл көгінде
Сен барда мен де қанат қағамын
Ешқашан өзгеге сенбеші
Мен үшін жоқ жансың теңдесі
Жалықпай айтамын саған
Күнім сен, күнім сен сөнбеші.

Қайырмасы:
Мен үшін бәрінен дарасың
Таңдауым бір өзің ғанасың
Қандайсың сондай боп қаласың
Барлық дүние өзгеріп кетсе де
Жердегі жандардан басқасың
Әр сөзім сырымды растасын
Әрқашан он сегіз жастасың
Бір жыл, бір ғасыр өтсе де
Мұқасан Шахзадаев & Ернар Айдар Өзгермесім lyrics, Мұқасан Шахзадаев 2018


Загрузка...





Admin

Corrected text

26.08.2018