Қырман басында lyrics

Мұқағали Мақатаев

1949

0
0

Share:


Қызу қарқын, көңіл шат,
Шығады жарқын дауыстар.
Ұштасқан қимыл қат-қабат,
Еселенген екпін бар.
Бұлшық етті білектер,
Еңбек сүйгіш жүректер.
Жойқын күш үдей түседі,
Шыққан сайын ашшы тер.
Молотилка үйіріп,
Төгеді меруерт алтын дән.
Жал-жал астық үйіліп,
Қырманға көрік берді сән.
Қарт колхозшы Есімхан
Қолынан түспей күрегі.
Бойына еңбек тым жаққан,
Жарқырап жүзі күледі.
Тау жақтан кенет жел тұрып,
Қыздырды еңбек қызуын.
Есекең де желпініп,
Ұшырып жатты қызылын.
Зағипа әкпей асығып,
"Бол, болға" алды көп елді.
Арбаға астық басылып,
Мемлекетке де жөнелді.
Шабыттанып мен тұрмын
Ерекеңнің қасында.
Өмірге осы келтірдім
Жырымды қырман басында.

[Бұл өлең - бала Мұқағалидың 1949-жылы қазан айының үшінші күні "Советник" шекара газетіне жарияланған алғашқы өлеңі - О.А.]
Мұқағали Мақатаев, Қырман басында lyrics, 1949
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Anonymous

Added Lyrics

07.07.2016