Мұхтар Ханзада Қалайды lyrics

Қалайды Мұхтар Ханзада

2022

2
0

Share:




Lyrics


Қалайды, қалайды, жаным қалайды
Қалайды, қалайды, тек сені қалайды

Гүл базарда көремін күнде
Жаулап алды жамалың мүлде
Жауқазын жанарың нұр шашып
Тұрасың күлімдеп гүл сатып
Жүрегімде оянды бір ән
Ойымдасың көңілім алаң
Саған қарай жетелеп бір күш
Гүл алған боп алдыңа барам

Ерке қыз ару құлпырған
Айдай көркің бар нұр тұнған
Қызығып қараймын сыртыңнан
Ғашақ еттің-ау талайды
Көңілім сені қалайды
Көңілім тек сені қалайды

Қалайды, қалайды, жаным қалайды
Қалайды, қалайды, тек сені қалайды

Мен секілді бақыт іздеген
Жолықтың ба әлде өзгемен?
Саған деген ыстық сезімімді
Жеткіземін қалай сөзбенен

Ақ жүзіңнен нұрлы арайлы
Гүлдендіріп тұрсың маңайды
Саған құштар менің көңілім
Бірге болғаныңды қалайды

Қалайды, қалайды, жаным қалайды
Қалайды, қалайды, тек сені қалайды Х2



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

16.07.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz