Мұхтар Ханзада Ғашықпын lyrics

Ғашықпын Мұхтар Ханзада

2022

1
0

Share:




Lyrics


Жалғында мен саған болайын пана
Сен маған жанымау көз алмай қара
Көзімнен көресің сөзімнен байқап
Мендегі сөнбейтін сезімді жаңа
Мендегі сөнбейтін сезімді жаңа
Сезесің шынайы сезіммен ғана
Асқақтай берместен аяулы болып
Бас тартпай сен мені бағыңа бала

Қайырмасы:
Сен менің арай бағым нұрын төккен күнсің
Сен менің талай жаным қиялымда жүрсін
Мен сенің солай жаным көңіліңді табамын
Мен саған ғашықпын барлығы білсін Х2

Кірпіктерің оқтай, сөздерің балдай
Алаулаған оттай көздерің шамдай
Өкініп несіне өкпелетейін
Өтінем өзгерме өзге бір жандай
Өтінем өзгерме өзге бір жандай
Өзгеріп кететін жандар бар сондай
Санамда сақтаулы қалатын гүлсің
Махаббат ғұмыры уақытша болмай

Қайырмасы:
Сен менің арай бағым нұрын төккен күнсің
Сен менің талай жаным қиялымда жүрсін
Мен сенің солай жаным көңіліңді табамын
Мен саған ғашықпын барлығы білсін Х4




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

15.06.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz