Мұхаммедәлі Бекпейісов Көркемім lyrics

Share:




Lyrics



Көрікті көркемім
Ғажайып ертеңім
Сезімнің сан сырын
Сен үшін шертемін. шертемін
Аялап аймалап
Мың бір түн ертегім
Қиялда қалықтар
Көтеріп желкенін желкенін.
Қайырмасы:
Сандуғашы едің ғажайып таңның
Əуені едің əсерлі əннің
Сағыныш сазын арнадым
Жаным көркемім.

Ғажайып құлпырған
Таңғы шық əдемі.
Көтерер көңілді
Махаббат əуені əуені
Самал жел саялы шашылып шуағы
Жұлдыздай жарқырар
Ғашықтар əлемі əлемі.

Жүректі тербеген сиқырлы наз үнің
Бақыты өмірдің баяны бағымның бағымның.
Арайлы аққуым
Шаттаншы шаттығым
Ерекше ерке қыз
Өзіңсің нəзігім нəзігім.
Қайырмасы:





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

18.02.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz