Lyrics
Ақ көйлек, қызыл бешпет-ау, әдемі қыз-ай,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз-ай
Бірге өскен кішкентайдан құрбы мa едің-ей,
Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз-ай.
[Қайырмасы]
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жанымсың.
Ақ көйлек, қара камзол белін буған-ей,
Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған-ай
Мен сізге ғашықтықтан-ау сөз айтамын-ей,
Аржағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан-ай.
[Қайырмасы]
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жанымсың.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).