Жеті күн мен түн lyrics

Меруерт Қабыл

Жеті күн мен түн

0
0

Share:


Ең сорлысы осыдай-ақ көп күздің,
Махаббатта еш кінәміз жоқ біздің.
Жеті күнді жүрегімде жұбатып,
Жеті түнді жалғыздықпен өткіздім.
 
Мұңлы әуенін тыңдап алып гүлдердің,
Көремісің солған күйін сүлдердің.
Жеті аптаға ұзамасын арамыз,
Жеті күнде сені аңсап та үлгердім.
 
Ойлай алмай мұң-жүрегім өз басын,
Асыл өлең көкіректе тозбасын.
Жеті күнде өзің жайлы түс көріп,
Жетпіс рет төгілгендей көз жасым.
 
Сенің даусың әлемдегі асыл үн,
Тек өзіңсіз өтпесін деп ғасырым.
Жетінші күн шыдай алмай ақыры,
Нөміріңді терген едім жасырын.
 
Меруерт Қабыл, Жеті күн мен түн lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015