Соңғы рет lyrics

Меруерт Қабыл

Соңғы рет

0
0

Share:


Сәт сапар! Бөгемен жолыңды,
Ет жұлып алғандай етімнен.
Соңғы рет қысайын қолыңды,
Соңғы рет сүйейін бетіңнен.
 
Ел-жұрттың мән берме сөзіне,
Естілер біздерге талай үн.
Соңғы рет қадалып көзіңе,
Соңғы рет құшақтап қалайын.
 
Кеудемде сағыныш басылып,
Сезімнің сезейін дүлейін.
Соңғы рет мойныңа асылып,
Соңғы рет еркелеп күлейін.
 
Естелік алмайын өзіме,
Еш кінә сенде де жоқ, Айым.
Соңғы рет хат жолдап өзіңе,
Соңғы рет телефон соғайын.
 
Сезімге бағындық төселе,
Ақыры жүзімнен сынды айып.
Соңғы рет шығайық көшеге,
Соңғы рет мұңлы әуен тыңдайық!
 
Мұңымды айтайын кеш, күнге,
Махаббат көнбей жүр ақылға.
Соңғы рет жұбанбай ешкімге,
Соңғы рет жылайық! Мақұл ма?
 
Меруерт Қабыл, Соңғы рет lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.10.2015