Соңғы  өлең lyrics

Меруерт Қабыл

Соңғы  өлең

1
0

Share:


Соңғы  рет  бір  өлең  арнаймын,
Ертерек  еріген  қардаймын.
Қанатым  самғаудан  талды  да,
Еркелеп  алдыңда
Сені  іздеп  аулыңа  бармаймын.
 
Жүректі  жұлқыса  сан  қайғың,
Өртіңе  күйдірсең  жанбаймын.
Тірлікке  көңілін  бөлмеген,
Құмдарда  шөлдеген
Жаңбырды  аңсаған  талдаймын.
 
Жанымды  қайғыға  жалдаймын,
Жанарды  жұбатып  алдаймын.
Тарыққан  сезімге  өбектеп,
Жылы  сөз  керек  деп
Мен  саған  телефон  шалмаймын.
 
Көңілді  боздатқан  аздай  мұң,
Мен  енді  қалайша  маздаймын.
Өзіңді  үнемі  сағынып,
Сезімге  бағынып
Сен  жайлы  бір  өлең  жазбаймын.
 
Меруерт Қабыл, Соңғы  өлең lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.10.2015