Сіз... lyrics

Меруерт Қабыл

Сіз...

0
0

Share:


Сіз алдымнан шықтыңыз ақ жейдемен,
Білесіз бе? Алай-дүлей күй деген.
Естей тұра сөзіңізді естімей,
Көре тұра көрмей кетем кейде мен.
Сірә, мұным ғашықтық па? Кім білсін?!
Мені аямай қанжарына түйреген...
 
Сіз алдымнан шықтыңыз көк күртемен,
Қарамадым бұрынғыдай үрке мен.
Жанарыңыз көздеріме түйісті,
Сағыныш боп қиялымды бүркеген.
Мұңға айналған қоңыр кеудем жылынып,
Сіз дегенде өзгереді күрт өлең!
 
Тағы алдымнан шықты қоңыр кеудеше,
Өмірімде қателігім беу, неше?!
Жүрегіме әмір бере алмаймын,
Еріп кетем сезім-көңіл «кел» десе.
Бәрін-бәрін түсінесіз білдірмей,
Тек үндемей өтпеңізші, ендеше...
 
Меруерт Қабыл, Сіз... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.10.2015