Сезбейсіз... lyrics

Меруерт Қабыл

Сезбейсіз...

0
0

Share:


Сезбейсіз...
 
Өлең жазам табатындай тілден ем,
Ақ параққа мұң-сағыныш ілген ем.
Сізге көңіл ауа берді дәрменсіз,
Бірақ оны түсінбейсіз...
Білген ем...
 
Сізден бөлек жүргім келмей жырақтап,
Хаттарымды жолдай берем сұраққа ап.
Жауап күтіп жүргенімде бекерлік,
Мұң-жанымда қалмайсыз-ау тұрақтап.
 
Тағы сізден кете алмаймын бас тартып,
Күңгірт көңіл, жанарымды жасқа артып.
Дауа таппай шөліркеген сезімге,
Өзіңіздей бола алмайды басқа артық.
 
Түсінбейсіз...
Сезінбейсіз...
Білмейсіз...
Пәк жанымды мұқатасыз, тілдейсіз,
Алыс жерде бір ақын қыз жыр арнап,
Сізді аңсап сағынғанын білгейсіз!
 
Меруерт Қабыл, Сезбейсіз... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.10.2015