Сен жоқсың... lyrics

Меруерт Қабыл

Сен жоқсың...

0
0

Share:


Сен жоқсың...
 
Күннен күнге суық тартып қала-мұз,
Алыс болып кеткен соң ба арамыз?!
Өлең жазып отыр тағы сені ойлап,
Өзің сүйген ауылдағы дара қыз!
 
Күндер есте, түндер есте әр қилы,
Жырларымды өзің жайлы ән тыйды.
Қоңыр күзде баққа жиі барамын,
Сенің иісің жапырақтан аңқиды.
 
Жанарымда өзің жайлы жоқ сұрақ,
Саған арнап өлең жазам оқтырақ.
Біз саялар талды кесіп тастапты,
Біз отырған орындық та жоқ бірақ...
 
Орнын іздеп жүргендей-ақ жоқ үйдің,
Көңіліме не естелік тоқимын?!
Иә, мұнда сенде жоқсың Қоңырым,
Енді кімге қоңыр өлең оқимын?
 
Меруерт Қабыл, Сен жоқсың... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.10.2015