Күрсініс кеудемде... жанарда жас тұнып,
Рельс торабын тұрдым мен басқа ұрып.
Өксігім басылмай тек іштей мұңдандым,
Түнімде сағыныш, өрт-жалын асқынып.
Шық-сезім мөлдіреп, жүректі тепкілеп,
Мұздатты қызғаныш, сүлдерде кекті леп.
«Кетпе» деп айта алмай күмілжіп оқталып,
Үндемей... тұрып қалдым пойыздан шеткірек.
Көк вагон есігі жабылды... еңсемді бүктіріп,
Селдетті толқын-жыр қайғымды үктіріп.
Күлкіңе алданып өзімді жұбаттым,
Сен кеттің Арысым жүректі күттіріп...
Күте алар ма екенмін?..
Меруерт Қабыл, Сен кеттің... lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store