Өзіңсіз lyrics

Меруерт Қабыл

Өзіңсіз

0
0

Share:


Өзіңсіз
 
Түндерде  көз  ілмей,
Жылылық  сезілмей
Мұң  болып  кешетін  теңізім.
Ешкімде  өзіңдей,
Тәтті  емес  сөзіңдей
Таппады  бұл  жүрек  егізін.
 
Кәусарім  бұлақтай,
Кеттің  бе  жырақтай
Өзіңсіз  зарықтым  қамығып.
Ешкімді  ұнатпай,
Сезімді  жұбатпай
Түсінбес  жүректі  жан  ұғып.
 
Ұйықтамай  талай  күн,
Шындыққа  балаймын
Бір  бейнең  көрінсе  түсімнен.
Таңырқап  қараймын,
Өзіңді  қалаймын
Сен  едің  жүректі  түсінген.
 
Көзімнен  ұқпадың,
Мөлдір  жас  жұққанын
Көрмедің  көргің де  келмеді.
Еріксіз  құптадым
Қайғы  боп  жұтқаным
Сезімің  тәкаппар  сел  ме  еді?!
 
Көңілім  күздейін,
Өзіңсіз  жүзбейін
Махаббат  теңізін  тоқтатып.
Жылылық  іздейінҮмітті  үзбейін
Кетсеңде  жанарды  жоқтатып.
 
Меруерт Қабыл, Өзіңсіз lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.10.2015