Мен Сізге... lyrics

Меруерт Қабыл

Мен Сізге...

0
0

Share:


Мен Сізге...
 
Жетімек  мұңыма  мұң  құйып,
Боп  алдым  әлжуаз, тым  тұйық.
Сіздегі  жүрекпен  тілдесіп,
Ойларға  шомамын  тұңғиық.
 
Есепсіз  күрсініс... тағы  мұң,
Тоқтатпай  тіршілік  ағымын.
Өксігім  жастыққа  төгіліп,
Мен  осы  қай  жанның  бағымын?!
Шарасыз  күндермен  күресіп,
Сізге  де  қырсығам, түгесіп.
Ұнатып, сүйе  алмай  кетемін,
Жалғызбын... ашса  да  түн  есік.
 
 
Әлі  де  мазалап  бұқпа  мұң,
Сіздегі  сыр-шырын  жұтқаным.
Өзгеге  қайтпаймын! Жетеді!
Мен  сізді  сүйемін!.. ұққаным.
 
Тағы  да  мазақ  қып  егес  күн,
Бірақта  мәңгілік  демеспін.
Хабарсыз  кеттіңіз... бәрібір,
Мен  Сізге  ешкімде  емеспін!
 
Меруерт Қабыл, Мен Сізге... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015