Кетемін дейсің... lyrics

Меруерт Қабыл

Кетемін дейсің...

0
0

Share:


«Кетемін  дейсің» өзге  жаққа  сен  ертең,
Қалайша  мен  сағынышпен  күнелтем.
Өтпейді  уақыт, күлкі  дегенді  ұмытып,
Бұл  күзді  сенсіз өткізу  маған  мұң  екен.
 
Тірліктің  қанша  сезсемде  ауыр  тәлкегін,
Білмеппін  бұлай  тағдырдың  қарғы  әнтегін.
Жалғыздық  деген  жанымды  бойлап  барады,
Қайтейін  жаным  жүректі  тілсіз  өртедің.
 
Қасымда  болшы  қарайын  саған  қадалып,
Бұл  жалғанды  қарашығыңнан  ада  қып.
Ұзаққа  кеттің,  оралмас  дейді  жүрегім,
Өткен  күндердің  елесін  енді  қаза  қып.
 
Амалым  барма  жүректі  өртеп  барасың,
Таппаспын  енді  өзгеден  сендей  жарасым.
Оралмасаңда,  өзгеге  бақыт  болсаңда,
Мен  үшін  бірақ  жүрегіме  сен  дарасың.
 
Сарғайған  сылбыр  жаныма  менің  түнсің  сен,
Өткен  кештерім есіме  түсер  күрсінсем,
Уақытым  жылжып  өтсе  де  айлар, апталар,
Сол  қалпыңменен  есімде  ылғи  жүрсің  сен!
 
Меруерт Қабыл, Кетемін дейсің... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015