Ғашық боп қалыппын... lyrics

Меруерт Қабыл

Ғашық боп қалыппын...

0
0

Share:


Күз еді... Күлім көз көңілсіз,
Тұманы шарпыған үміттің.
Зырғып кеп тоқтады көлік... Сіз,
Келбеті серісі жігіттің.
 
Ұғыстық көзбенен,үнменен,
Танысу басталды сезімтал.
Күздегі бақшам да гүлдеген,
Бақытқа оранған кезім сәл.
 
Қуаныш... Көңілді сәттерім,
Тапқандай сезімдер жалғасын.
Ақ раушан...жылы сөз...тәтті ерін...
Бақыттан айналды шар басым.
 
Бойжеткен мендегі жас қалып,
Жалғыздық ұмытқан кез осы.
Білмеппін сезімге мастанып,
Екен ол бір бала Әкесі.
 
Кешірек келдіңіз қалай Сіз?!
Дүние неліктен тар мына.
Ғашық боп қалыппын абайсыз,
Біреудің сүйікті жарына.
Меруерт Қабыл, Ғашық боп қалыппын... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015