Бейтаныс жан lyrics

Меруерт Қабыл

Бейтаныс жан

0
0

Share:


Бейтаныс  жан
 
Аялдама.Тұрмын жалғыз.Көлік  тосып  алаңдап,
Күз  келіпті.Күрең  тартып  көшелерде, жалаң  бақ.
Менің  жаным  жапырақтай  дірілдеп-ақ  тұр  еді,
Көлік  келді…отырдым  мен… жазғым  келді  қаламды  ап.
 
Жаздым  және  тұра  ұмтылып   парағымды  ақтарып,
Тізбектедім  қалған сәтті  жүрегімде  сақталып.
Сол  минутта  көлік  тоқтап,  бұрылыстан  серпілді,
Бейтаныс  жан  мініп  жаты...  жүзі  жарық, ақ  қалып.
 
Көңілінде  мың  сұрақ бар…шаршап  сірә,  тұрғанды,
Көрмеген ем бұрын соңды  бұл  жігітті, бұл  жанды.
Таңырқадым,  қырын  қарап  жанарымда от ойнап,
Ғашық  болып  қалдым ба екен…сезім  отау  құрғанды…
 
«Кешіріңіз»  дедім  түртіп,  сәл  кішірек  ығыстым,
Отырды кеп дәл жаныма…мені құшты жымысқы үн.
«Рахмет» деп  айтты  және  жанарымнан  көз  алмай,
Сол  мезетте  менде  жаймен  тұнық  көзбен  ұғыстым.
 
Бәріде  ұмыт, ұмыт  қалды  парағымда,қаламда,
Нәзік  сезім  күрмеледі, тыпыршиды  санамда.
Минуттармен  арпалысып  көлік  тағы  тоқтады,
Бейтаныс  жан  түсіп  қалды  жұрт  жиылған  алаңға.
 
Қия  алмадым  жан  досымдай,кеудемдегі  жүректей,
Кетті-ау алыс  көктемдей  боп  көңіліме  гүл  екпей.
Қармалдым мен тағы  мұңға,тағы  азапты  күндерге,
Жалғыздығым  еске  түсіп,  көрінді  әлем  түнектей.
 
Бәлкім,  бұл  сәт  түсім  болар,әлде  елес  пе  дерексіз,
Бәлкім,  сағым  ғашық  еткен  мені  өзіне  себепсіз.
Алдамшы  бұл  тіршілікте  сезім  қуып  адастым,
Мені  тағы  салқындатты,  жылытпады  ерек  күз…
Біз  әйтеуір  бұл  жалғанға  өліп-өшіп  ғашық  боп,
Мұңын  құшып, азап  тартып,  жылау  үшін  керекпіз…
 
Меруерт Қабыл, Бейтаныс жан lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015