Айыптымын lyrics

Меруерт Қабыл

Айыптымын

0
0

Share:


Айыптымын
 
Ескегін алдым қасыңда қайықтының,
Жанымды жұлқылайды байыпты мұң.
Сен  мені  кешермісің  сезім  үшін,
Сені  құшқан  кезім  үшін
Алдыңда  айыптымын.
 
Құлқыным  маза  бермей жаншылады,
Бұл  сезім  мені тағы  қамшылады.
Күн  кешіп  күрең  күзде  жүргендеймін,
Жас  моншақ  түйгендей  мұң
Жанардан  тамшылады.
 
Күткендей  күн  жүзіңді  өктем  белден,
Іздеймін  сені сұрап  өпкен  желден.
Әлсіздік  жанды  шарпып  тағат  таппай,
Тоқтаусыз  сағат  жатпай
Тосады  көктемдерден.
 
Тапсамда  жаз  күніңді  күз  етермін,
Мына  менің  қатемді  түзетер  кім?!
Мені  сүйген  жаныңды  таптап  өттім,
Көзінше  мынау  көптің
Қайғыңды  үдетермін.
 
Қаңтарылып  алдыңда  қара  тастай,
Жүрегімді  мұздатып  жара  қашпай.
Төзіміме  төрелік  етермісің,
Сезім  боп  кетермісің?!
Жанармен  жағаласпай.
 
Жанды  төсеп  алдыңда  жайыпты  мұң,
Саған  берген  уәделер  тайыпты  мың.
Тек  сенің  сезіміңді  сыйлап  сүйгем,
Түн  есте  күндей  күйген
Қайтейін  айыптымын...
 
Меруерт Қабыл, Айыптымын lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015