Неге жылайды ару? lyrics

Меломен тобы

Неге жылайды ару?

4
0

Share:



Мейрамхана, ән салып әнші
Туылған күн тойлап жатырмыз.
Жанары мұңлы, қарама-қарсы
Жабырқау жүзі, жалғыз отыр қыз.
Тағдырға көнген болар бағынып,
Жарықпен жалт-жұлт етип шағылып.
Құлап барады, күрсінген тамшы
Бокалға алдындағы тамылып
 
Неге жылайды ару?!
Неге махаббат махаббат балу?!
Түсірмеші еңсені, Өкпелеткен кім сені?
У болсаң да жұтар ем, жұтар ем мен сені.
 

 
Мейрамхана, туылған күн тойлап,
Достарым жүр ешбір алаңсыз
Жанымды жеумен, ұрлана қарап
Отырмын үнсіз, үнсіз амалсыз.
Таққанда талай бақыт таң соққан
Естелік өткен алтын бал шақтан
Екі жүректің егіз сырманы
Жүзікті шешті ару саусақтан
 
Неге жылайды ару?!
Неге махаббат махаббат балу?!
Түсірмеші еңсені, Өкпелеткен кім сені?
У болсаң да жұтар ем, жұтар ем мен сені.
 

 
Өзгереді әлі бәрі,
Сейілер мұң жаныңдағы
Таңмен жаңарған,
Жаңарар арман,
Жүректен өшпес дақ болмаса...
 
Неге жылайды ару?!
Неге махаббат махаббат балу?!
Түсірмеші еңсені, Өкпелеткен кім сені?
У болсаң да жұтар ем, жұтар ем мен сені.
Меломен тобы, Неге жылайды ару? lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Кистаубек Утемисов

23 2017

жүрекке тиер əн

GM

Added Lyrics

15.10.2015