Share:








Бақытын сыйлап жер көктің
Әнімен әлди тербеттің
Еркелеп саған ер жеттік
Аяулы анашым
Қатемді біліп кешірдің
Аялап сүйіп өсірдің
Сәулелі күн мен ай
Тамсанған дәурен-ай
Бауырына басқан баласын
Данышпан данасың жан анашым

Теңізден терең тұнығың
Алақанымның жылуын
Бере алмас ешкім білемін
Аяулы анашым
Құрметтеп өтем атыңды
Аналық махаббатыңды
Сыйладың сол үшін
Сәбидік борышын ақтасам барма амалым
Аман жүр ардағым жан анашым

Шашыңның көріп әр ағын
Мұңайып үнсіз қаламын
Өзіңнен қуат аламын
Анашым айбарым
Бақытым айым күнім деп
Жанымда жүрші күлімдеп
Жанарың жайнасын қызыққа тоймасын
Шын бақыт толы өмірің
Шаттанып көңілің жан анашым
Меломен тобы Ана lyrics, Меломен тобы 2018


Загрузка...





Admin

Corrected text

25.06.2018