Бір ару күнде өтеді, көңілдің көшесімен

Меломен тобы , Нұрдәулет

2018

12
1

Share:





Загрузка...



Бір ару күнде өтеді көңілдің көшесімен
Көркімен күндіз арбап, түнде арбап елесімен
Көп болып күйдірмесін көргенім күресімнен
Кетпейсің неге алысқа шықпайсың неге есімнен?

Қайырмасы:
Сен менің тағдырымның
Бармысың кесесінде
Мендегі көп жүресің
Жүректің көшесінде
Бағымда мәңгі жайнап
Гүл болып өсесің бе?
Жоқ әлде бір жарқ етіп
Жұлдыз боп өшесің бе?
Бір ару күнде өтеді көңілдің көшесімен.

Алғашқы қадам жасап,
Сезімді дәлелдеттік
Тулаған жүректі асау
Біз сізге тәуелді еттік
Қарындас бері қара
Жаныңа әрең жеттік
Басыңмен сүңги бермей
Желіге әлеуметтік.

Қайырмасы:
Сен менің тағдырымның
Бармысың кесесінде
Мендегі көп жүресің
Жүректің көшесінде
Бағымда мәңгі жайнап
Гүл болып өсесің бе?
Жоқ әлде бір жарқ етіп
Жұлдыз боп өшесің бе?
Бір ару күнде өтеді көңілдің көшесімен.

Рэп:
Сылқ-сылқ күліп сылдыр аққан су сұлу
Көлге қонып, қаңқылдаған аққу сұлу
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерілген бұл сұлу
Шаңқай түсте өткір алыс күн сұлу
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде
Бәрінен де маған сәулем сен сұлу.

Қайырмасы:
Сен менің тағдырымның
Бармысың кесесінде
Мендегі көп жүресің
Жүректің көшесінде
Бағымда мәңгі жайнап
Гүл болып өсесің бе?
Жоқ әлде бір жарқ етіп
Жұлдыз боп өшесің бе?
Бір ару күнде өтеді көңілдің көшесімен.
Меломен тобы & Нұрдәулет Бір ару күнде өтеді, көңілдің көшесімен lyrics, Меломен тобы 2018


Загрузка...





Comments

Anonymous

06 2018

QoTaqpayiskey dbhdjdhsuhxgsjxhsbsisbshsisjshdusibshdhdudhdjdidndidjdud

Admin

Corrected text

05.08.2018
Users