Жаратқан тұрар көңілде
Қалады бәрі қалады
Жүрсең де өмір төрінде
Күндер де өтер көңілді
Түндерде жасың төгілді
Жаныңа жақын жақсылық
Кетеді тастап өмірді
[Қайырмасы]
Жақсыдан көңіл шаттанып
Жаманнан жүрек таттанып
Жетем деп жүріп арманға
Кетерміз бір күн аттанып
Зулайды күндер зулайды
Жырлайды жүрек тулайды
Қадірін сезін уақыттың
Жер мен көк мәңгі тұрмайды
Дүние қызық десек те
Жолыңды жүрер есептеп
Жалғанның көші жылжиды
Қалдырып соңғы бекетте
[Қайырмасы]
Жақсыдан көңіл шаттанып
Жаманнан жүрек таттанып
Жетем деп жүріп арманға
Кетерміз бір күн аттанып мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, Өмір lyrics, 2019 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Yerlan Janbolat
не деген ән! жүректі тебірентеді. жүректен шығып жүрекке жеткен ән.