Мейрамбек Бесбаев Таудағы көктем (0), lyrics

Таудағы көктем lyrics

Мейрамбек Бесбаев

Таудағы көктем

14
0

Share:



Сай-саланы,
Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай.
Көп баладай,
Күбір-күбір кеңесті.

Қасқа бұлақ,
Тастан құлап,
Бара жатыр
шапқылап.
Шыңылдаған,
Сыбырлаған,
Айқай тастар -
саққұлақ.

Бір жүрекпен,
Дір-дір еткен,
Жасыл талдар - жас талдар.
Еміренген,
Тебіренген,
Ақбас Ата - асқарлар.
Күннен - бөркі,
Гүлден - көркі,
Тау - тамаша, тау - алып.
Қатпар басын,
Шатқал тасын,
Көрген сайын жаңалық.

Айналаңа,
Сайға қара,
Шыңға қара ақ маңдай.
Бала шағың,
Болашағың,
Көктеп келе жатқандай.






Comments

Қонақ

10 March 2016

оте керемет ан

Дидара

Corrected text

26.04.2021
Users