Кінәлама lyrics

Мейрамбек Бесбаев

Кінәлама

3
0

Share:



Сен неге мені айыптайсын жарығым?
Келмеген еді қателікті танығым.
Пендеге нені бұйрық етсе Тәңірім
Қабыл алар тағдыр әмірін.
Тұйықталғаным жылдар жазған заң шығар,
Биікте арманым, оған да бір ән сыңар.
Сүйіп қалғаным жүрегімде жаншылар,
Қош айтысып көзге тамшылар.
 
Қайырмасы:
Кінәлама, кінәлама мені,
Мұңая да, қуана да білем.
Тамшы болып жел сырғытқан гүлдегі
Үмітімнен тайып құлап жүрем.
 
Өмірім менің сұрақтардан құралған,
Көңілімде мұң, онсыз өмір сүре алман.
Сенімім менің шырақ жағып тұра алдан
Ұсынумен тағы бір арман.
 
Қайырмасы:
Кінәлама, кінәлама мені,
Мұңая да, қуана да білем.
Тамшы болып жел сырғытқан гүлдегі
Үмітімнен тайып құлап жүрем.
 
мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, Кінәлама lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






06.12.2019
Music Videos
Мейрамбек Бесбаев
Кінәлама