Қайрау lyrics

Мейрамбек Бесбаев

Қайрау

2
0

Share:



1. Мұңайма бала, қайғырма бала,
Өмірге қанат жайдың ба жаңа,
Әнімді менің жанымды менің, .
Жарқырап жатқан айдынға бала. 2 рет

2. Өксіме бала, өкінбе бала,
Қалқыма судың бетінде ғана,
Талабың егіз тағдырың теңіз
Жағаға талпын жетуге жаңа

3. Құлама бала, жылама бала,
Жылаған жүрек жұбана ала ма,
Арманға жетпей жалғаннан өткен,
Данышпандар да Ғұламалар да.

4. Арыма бала, налыма бала,
Күш қуат берсін жаныңа Алла,
Құлыным менің жүрсін деп аман,
Жаратқанға мың жалынады ана.

5. Егілме бала, езілме бала
Күйректе күйкі сезімге бола
Берілме беркін женілсің дертің
Еркінде сертің өзінде ғана.
мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, Қайрау lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

06.11.2020