Елге сәлем lyrics

Мейрамбек Беспаев ft. Алтынбек Қоразбаев

Елге сәлем

0
0

Share:


Ағайын, туған, армысың!
Қарттарым қыран, бармысың?
Қиядан көзді тартатын,
Сендерсің құзар қарлы шың.
Елімнің болса қарты бар,
Асқарлы таудай дәрпі бар.
Үлкенді сыйлап, құрметтеу –
Қазақтың ата салты бар.
Болсыншы аман атамыз,
Болсыншы аман апамыз.
Тілеген дәйім жақсылық,
Болсыншы қабыл батаңыз.
Армысың, абзал ағалар,
Ағалар – жарқын жағалар.
Сендердей асыл болмаса,
Біздерді кімдер бағалар?
Армысың, ерке жеңгелер,
Жеңгелер – елге өң берер.
Береке, байлық бастауы –
Сендерге кім бар тең келер?
Армысың, құрбы-құрдастар,
Сыр мінез, сырлы сырластар.
Сендердей сері болмаса,
Тамаша, тойды кім бастар?
Армысың, балғын інілер,
Ағалап алдан жүгірер.
Інісі кімнің бар болса,
Өнері өрлеп, ірілер.
Армысың, қарындастарым,
Ақ тамақ қарлығаштарым.
Сағынып келдім сендерді,
Дарынды жалын жастарым.
Жалынды сәлем жалпыңа,
Бас ием ата салтыма.
Қуана қарсы алатын,
Ризамын туған халқыма.
Мейрамбек Беспаев ft. Алтынбек Қоразбаев, Елге сәлем lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

10.01.2016