Дүние шіркін lyrics

Мейрамбек Бесбаев

Дүние шіркін

3
0

Share:



Дәурен көшіп барады қарайламай,
Құбылады, күн сайын, қалай-қалай?
Сенің алтын сәулеңе не жетеді,
Жарқыраған тіршілік шар айнадай,
Жарқыраған дүние шар айнадай.
 
Қайырмасы:
Дүние, шіркін,
Өтер бір күн!
Жарқыраған, қайдасың,
Ойын-күлкім, ойын-күлкім.
 
Құрбы-құрдас кешегі бірге ойнаған,
Жүздеріңді сағындым нұр жайнаған,
Көздеріңді сағындым нұр жайнаған.
Дәурен бастан өткен соң, қайран, дүние,
Дидарыңды қайтейін тіл байлаған!
 
Қайырмасы:
 
Ризамын өмірге келгеніме,
Азды-көпті қызықты көргеніме.
Бұл жалғанның түбіне жеткен барма?
Тәубе қылдым Тәңірдің бергеніне 
 

мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, Дүние шіркін lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

ДАСТАНБЕК Мамадалиев

22 2018

риза болам осы ауенге

Айбек

Corrected text

03.07.2020
Users

GM