Бір ел болса (ft. Ұшқын Жамалбек) lyrics

Мейрамбек Бесбаев

2017

7
1

Share:



Жазира кең байтақ қазақтың даласы
Сырменен Еділдің арасы
Арманы тауындай асқақ қой қарашы
Қалдырған ержүрек бабасы
Шүкір деп жазылды көбінің жарасы
Ешкімнің жоқ оған таласы
Осынау далада жыламай анасы
Өссе екен қазақтың баласы

Қайырмасы:
Бір ел болса біздей болсын Алатаудай айбары
Көгіндегі қыран құстай желбіреген байрағы
Бір ел болса біздей болсын азаттықтың айғағы
Татулық пен берекенің бұзылмаған қаймағы

Көліне шөліне көгіне тамсанам
Жүректің үнімен ән салам
Сағынып жете алмай Отанын аңсаған
Шетте жүр қаракөз қанша адам
Әр қазақ жалғызым деп бүгін жар салам
Әніммен жететін жол салам
Әлемде кім қазақ бауырмын мен соған
Құшақтай айғара қарсы алам

Қайырмасы:
Бір ел болса біздей болсын Алатаудай айбары
Көгіндегі қыран құстай желбіреген байрағы
Бір ел болса біздей болсын азаттықтың айғағы
Татулық пен берекенің бұзылмаған қаймағы
мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, Бір ел болса (ft. Ұшқын Жамалбек) lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






15.11.2017
Users