Аузынан айдың түскен қыз lyrics

Мейрамбек Бесбаев

Аузынан айдың түскен қыз

3
0

Share:



Жолымыз құрбым бір болсын,
Жақын боп кеттің досымдай.
Бұрын сен қайда жүргенсің,
Бұрымдыларға қосылмай.
 
Көрдім де сені өзгердім,
Басқа адам болып бір демде.
Періштелерін өзге елдің,
Көзге де ілмей жүргенде.
 
Желкілдеп сезім, бал-құрақ,
Шаттықтан шаршап қуансын
Аспаннан түскен салбырап,
Айдың сен қызы шығарсың.
 
Көрмеппін жерден мұндай жан,
Көрімдік алса Күн алсын.
Құтқарып алған мұңды ойдан,
Құдіреттің өзі шығарсың.
 
Көңілімді шаттық күй кернеп,
Кеудеме қанат біткендей.
Қармана бердім күйбеңдеп,
Өзіңнен басқа түк көрмей.
 
Дертімді қалай емдермін,
Не амал, оған не істерміз?!
Арманым болдың сен менің,
АУЗЫНАН АЙДЫҢ ТҮСКЕН ҚЫЗ! 
 

мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, Аузынан айдың түскен қыз lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

16.06.2018
Users

GM