40 жас lyrics

Мейрамбек Бесбаев

2017

38
4

Share:



Жиырма бесте салушы едік сайран
Сол кездер сағындырған-ай
Серілікпен өтті күндер жайнаған
Жастықтың жалын жылдар-ай
Ғашық болып сұлу әнге жаным
Өмірдің жақтым алауын
Ағалыққа басқандай ма қадам
Қырықтың бұзған қамалы

Қайырмасы
Қырық дегенің жігіт пе дедім
Биік беделің солай
Қырық дегенің үміт пе дедім
Күліп келемін солай

Балалықты еске алайық достар
Бозторғай әнге салатын
Қайдасыңдар құрбылар мен құрдастар
Кештерге бірге баратын
Жүрегімді аялаумен арман
Атырған мөлдір таңдар-ай
Бал сәттер өтті сырғып жанардан
Аңғалдықпенен аңдамай

Қайырмасы
Қырық дегенің жігіт пе дедім
Биік беделің солай
Қырық дегенің үміт пе дедім
Күліп келемін солай


мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, 40 жас lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Муслим К

26 2018

әблқасым

Берик

29 2018

кушти!

Admin

Corrected text

18.06.2018