Махаббат-сезім сәбиі lyrics

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Share:


Махаббатты серік қып балдан шырын,
Міне,адамдар тағы бір арман шыңын.
Өтінерім, қашанда тату болып,
Жетегінде кетпеңдер алдамшының.

Махаббаттың білгенге мың қатпары,
Ол-сезімнің сәбиі құндақтаулы.
Адамдардың өзіне байланысты,
Арзандауы немесе қымбаттауы.

Халық деуші еді,қосылып жұп болыңдар,
Жұп болыңдар, еліме құт болыңдар.
Тілерім тек сыйластық қалсын мәңгі,
Зымыраумен сырғыған, біткен күнде әрі.

Болғанда өмір-арманың, уақыт-жүрек,
Несібесін әркімдер татып білед.
О,жұбайлар жалғасы келешектің,
Осы тосты алыңдар бақыт тілеп.
Медеу Демеу Медеуұлы, Махаббат-сезім сәбиі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016