Айым сенсіз күн кешу қиын маған lyrics

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Share:


Мен болайын мейлі бақ бұйырмаған,
Мейлі тағдыр тартпасын сыйын маған.
Бәріне де төземін тек бірақ та,
Айым сенсіз күн кешу қиын маған.

Мен сен үшін төземін бәріне де,
Сенсіз маған өмірдің мәні неде?
Жандар аз ба, өзіңді мазалап тек,
Түсіп жүрген құр босқа әуреге.

Жоқ, олардың бола алман бірі де мен,
Онда өзімді санаман тіріге мен.
Уайым бассын, мұң бассын бұл кеудемді,
Енді өзіңнен айрылман тірі де мен.

Кездессем деп өзіңмен кетті арман,
Сенің даусың бәрін де жеткізе алған.
Қызғанбайды дегеннің бәрі бекер,
Бір күнді де мен сенсіз өткізе алман.

Ақын жолы азапты жол білемін,
Күдер үзген шағым да болды менің.
Бірақ өзің ғайыптан келдің-дағы,
Көкірегіме шумақ боп мөлдіредің.

Ұшқындатып соға алсам көрігіңді,
Босқа өткіздім дей алман өмірімді.
Жарқын, ашық, жұмсақ сол дауысыңмен,
Жоғалтпасаң болғаны сеніміңді.
Медеу Демеу Медеуұлы, Айым сенсіз күн кешу қиын маған lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016