Уақыт емдемейді lyrics

Маржан Арапбаева

2020

15
0

Share:



Қоштаcтық, жаралады ауыр, бұл көңілде
Өзіңсіз күндер кештім.
Тағдырды лайықтап өзіне бұл өмірде
Тандамады ешкім.
Өкініш өзегімді күнде өртейді кеп,
Өткіздім тағы түнді
Бұл уақыт жан жарасын емдеп жазады деп
Алдап жүрміз кімді?!

Қайырмасы:
Уақыт емдемейді,
Уақыт емдемейді,
Жараладың,
Жараладым мен де сені.
Уақыт емдемейді,
Уақыт емдемейді,
Кешіремін,
Кешірші тек сен де мені...

Сағаттар сыртылдады белгі беріп бізге
Бәрі де өткен дейді
Жаным-ай, күз артынан тағы өтті күз де
Келмейді көктем енді.
Өкініш өзегімді күнде өртейді кеп,
Өткіздім тағы түнді
Бұл уақыт жан жарасын емдеп жазады деп
Алдап жүрміз кімді?!

Қайырмасы:
Уақыт емдемейді,
Уақыт емдемейді,
Жараладың,
Жараладым мен де сені.
Уақыт емдемейді,
Уақыт емдемейді,
Кешіремін,
Кешірші тек сен де мені...

Қайырмасы:
Уақыт емдемейді,
Уақыт емдемейді,
Жараладың,
Жараладым мен де сені.
Уақыт емдемейді,
Уақыт емдемейді,
Кешіремін,
Кешірші тек сен де мені...

Маржан Арапбаева, Уақыт емдемейді lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






21.04.2020