Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып lyrics

Мәриям Хакімжанова

0
0

Share:


Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып,
Балаларға табам ба деп қысқы азық.
Жарылып екі қолым күс болып кетті,
Неден ғана қарғалдым, неден жазық?
Түнде жатам сыртында балағанның,
Көремін деп жұлдыздың қарағанын.
Қан түкіріп жүрсем де кажымаймын,
Аржанойдың кертіп жеп қара нанын.
Он күн істеп, төрт қапшық картоп алдым,
Көңілімді бір демдеп үйге бардым.
Балаларым қуанды пісіріп жеп,
Қиналғанына ризамын шыбын жанның.
Мәриям Хакімжанова, Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016