Syr Sura Мархаба Сәби

2021

5
0

Share:




Lyrics



Сыр сұрадым сырадан
Жазамын деп жаңа ән
Шабытымды шақырып
Бір кездері жоғалған

Сыр сұрадым сырадан
Арылам деп ойлардан
Кей - кездері тым қиын
Бұл әлемде сау болған

Біреулер оны ем дейді
Онсыз дүние кем дейді
Сау жүріп жаны жай таба алмай
Жан емін содан іздейді

Сыр сұрадым сырадан
Арылам деп ауырдан
Болса болды жанымда
Түсінетін бір адам.

Біреулер ішер санамен
Мөлшерін біліп, шамамен
Олай ішудің атауы бар
"Калсарикянни" деген.

Сыр сұрадым сырадан
Шаршағанда жалғаннан
Жоғалмаса игі еді
Іздеп жүрген ізгі арман.

Біреуге ол да жұбаныш
Омар Хаями толғаныс
Жатып іш, мейлі тұрып ап іш
Мән таппасаң бұл жалған іс.

Сыр сұрадым сырадан
Жазамын деп жаңа ән
Келмей қойды өзге ой
Туындады мына ән.

Сыр сұрадым сырадан
Жазамын деп жаңа ән
Келмей қойды басқа әуен
Туындады мына ән.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

13.01.2022