Lyrics
Марат:
Режиссер-бақыт,сценарий-сезім
Берілді бізге басты рөл.
Жаным-ау мені шынайы сезін
Өмірдегідей жақсы көр.
Марта:
Талайға арман актерсің сері
Экрандарға сыймаған.
Жүрегіңдегі бақ дерсің мені
Киноның өзі сыйлаған.
[Қайырмасы]
Бізді бәрі бір-біріне ғашық дейді осы,
Сезімдері теңіздей боп тасып кейде осы.
Маxаббатқа берілген аз уақыт неге осы!?
Жалғассын бақыт киносы.
Марта:
Түсірілімге кешігіп жүрме
Қалып қойма тыс кадрдан
Мелодрама ойнайық бірге
Ғашықтардай боп сағынған
Марат:
Өзіңмен бірге жүремін мәңгі
Асылы сенсің тілектің
Көзіңнен күнде гүл көрем таңғы
Актрисасы жүректің
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).