Жастығым – мақтанышым Марат Омаровтікі

Жастығым – мақтанышым

0
0

Share:


Lyrics



Жан сыры жүректің ақтарылсын,
Жырласам мақтап ісін.
Жалғасқан әр күні ерліктерге,
Жастығым - мақтанышым:
Шөл дала да алынды,
Мұзды мұхит бағынды,
Жастарыма жалынды.
Ну Тайгада БАМ салды,
Ғарышқа да жол салды,
Әлем түгел тамсанды.


Қайырмасы:
Алау шағым,
Балауса әнім.
Биік ұстап еліміздің жалау-шамын.
Жастық әнін,
Жарасты сәнін,
Кел, шырқайық бірігіп біз достық әнін.



Бойынан бұла күш ақтарылған,
Жастықты - мақтан қылам.
Жүрмесін жас жігер жауыздыққа,
Содан тек сақтан, ұлан.
Бетбұрыста жариялық:
Жүрегімді ар ұя ғып,
Жүрсем деймін жар салып,
Бейбіт күнді қарсы алып,
Достарыммен ән салып.


Қайырмасы:
Алау шағым,
Балауса әнім.
Биік ұстап еліміздің жалау-шамын.
Жастық әнін,
Жарасты сәнін,
Кел, шырқайық бірігіп біз достық әнін.

Марат Омаровтікі



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

28.10.2015