Мақсат Базарбаев ft. Шапағат тобы Сағыныш саздары (0) lyrics

Сағыныш саздары lyrics

Мақсат Базарбаев ft. Шапағат тобы

Сағыныш саздары

0
0

Share:


Жұпар исi аңқыған,
Туған жердi сағындым.
Ән мен жыры шалқыған,
Думанды елдi сағындым.

Жұлдыздары самғаған
Түнгі аспанды сағындым
Сәл көрмесем аңсаған
Құрдастарды сағыныдм

Жетелеген мың арман,
Бала кездi сағындым.
Тал шыбықтай бұралған,
Қара көздi сағындым.
 
Аққу ұшып, қаз қонған,
Көлдерiмдi сағындым.
Тайға мiнiп мәз болған,
Белдерiмдi сағындым.
 
Селт еткiзген сезiмдi,
Аруларды сағындым.
Бәрiнен де өзiмдi,
Сағынғанды сағындым.






GM

Added Lyrics

30.10.2015
Music Videos
Мақсат Базарбаев ft. Шапағат тобы
Сағыныш саздары