Барма амалым lyrics

Мақсат Бақытұлы

2013

0
0

Share:



Кеудемде қалды керім от кейпің
Сезімге бірақ сенім жоқ дейтін
Көздерім көріп қолым жетпейтін
Айым күнім сенсің
Таңда атпады əлі ай жарық
Келемін сені жаным ойға алып
Сағынышым боп сағымға айналып
Мұңайттың мені жаным

Қайырмасы
Барма амалым таусылды төзім
Арман алауын жағады сезім
Қанатын қағып сыңарым жүр ақ
Айдында жалғыз қаламын өзім

Сені оилап өткен күндерім əрбір
Бітпейтін дастан таусылмас əн жыр
Біз екеумізді қоспады тағдыр
Амал барма жаным
Нəзік үмітім айға қарасын
Аялы арман аймалағасын
Қиялым қалқып қайда барасың
Алысқа ұшырып мені

Қайырмасы
Барма амалым таусылды төзім
Арман алауын жағады сезім
Қанатын қағып сыңарым жүр ақ
Айдында жалғыз қаламын өзім


Мақсат Бақытұлы, Барма амалым lyrics, 2013
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

20.05.2018
Users