Сыйлағаным емес пе?!
Әр сөзіңе сенсем пәк көңілмен,
Қимағаным емес пе?!
Жағдайыңды біліп, хат жазғаным,
Жұбатқаным емес пе?!
Жеңісіңе күліп шаттанғаным,
Ұнатқаным сен емес пе?!
Қайырмасы:
Қылықтым-ау, қылықтым,
Үлбіреген тұнықсың.
Жанарыңнан сыр ұқтым,
Қылықтым-ау, қылықтым.
Сүйемін деп сені ашық айтсам бәрін,
Батылдығым емес пе?!
Серігің боп қайтсам сынақтардан,
Батырлығым емес пе?!
Қызғанбаймын десем өзгелерден,
Алдағаным емес пе?!
Аяласам асыл арманымдай,
Таңдағаным сен емес пе?»
Қайырмасы:
Қылықтым-ау, қылықтым,
Үлбіреген тұнықсың.
Жанарыңнан сыр ұқтым,
Қылықтым-ау, қылықтым. Мақсат Әндешбаев, Қылықтым lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store