Мақпал Жүнісова Бекер мұң (2018), lyrics

Бекер мұң lyrics

Мақпал Жүнісова

2018

9
1

Share:



Шайқа өмір көңілімді
Түбіндегі кетсін мұң
Қайтар қайсар төзімімді
Жігер жанға сепсін нұр
Іздеп ақ сезімімді
Шексіз теңіз кешем мен
Жанға жазып есіміңді
Жағалауға жетермін

Қайырмасы
Өмірімнің уақыт тұрағы
Қайдан табар екенмін
Тағдырымның ақ тұманын
Қалай жарып өтермін
Жалғыздықтың күйін кешіп
Мейлі жалғыз өтермін
Өмір сенің өзің түгіл
Өзіме де бөтенмін

Маған уақыт бөтен екен
Көрген екем бекер мұң
Бұл дүниеге келген екем
Күресумен өтермін
Сенде менде бұл жалғанда
Бұл жалғанда нетерміз
Тәңірі жазған жазуы бар
Жәй бір пенде екенбіз

Қайырмасы
Өмірімнің уақыт тұрағы
Қайдан табар екенмін
Тағдырымның ақ тұманын
Қалай жарып өтермін
Жалғыздықтың күйін кешіп
Мейлі жалғыз өтермін
Өмір сенің өзің түгіл
Өзіме де бөтенмін








Admin

Corrected text

21.09.2018