Қазақ елі lyrics

Мақпал Қазыбекқызы

2019

0
0

Share:



Азаматын көтерген көкке биік байрағын
Қазан атын мінгенде әлемге білген айбарын
Қасық қаны қалғанша қорғай білген байтағын
Елім жайлы көп екен мақтаныш қып айтарым
Кеудесінде сақтаған шүкір жүрек тәубасын
Қылдырмаған жігіті жау қолында жолдасын
Айдай ару қыздары келтірмеген ордасын
Ұлағатын бабамның ұрпақтарын жалғасын

Қайырмасы
Елім жасымасын жігерің
Сенім болашаққа тірегің
Менің жыр арнаған жүрегім
Жаса,жаса қазақ елім

Ерім деген ерлердің еңселері тік болсын
Ұлағатын ұлтымның ұрпағына оқ тұрсын
Бірлігін бұзар сөз санамыздан сырт болсын
Ел басымыз салған жол мәңгілікке құт болсын
Мынау байтақ даламның біздер ғана егесі
Келешектің көркіндей кемеңгерлер кеңесі
Алашымның аз емес бағындырған белесі
Танымаған танысын қазақ деген ел осы

Қайырмасы
Елім жасымасын жігерің
Сенім болашаққа тірегің
Менің жыр арнаған жүрегім
Жаса,жаса қазақ елім
Мақпал Қазыбекқызы, Қазақ елі lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

21.05.2019
Users