Сағынамын мен сені lyrics

Мақпал Жүнісова

Сағынамын мен сені

0
0

Share:


Күн күркіреп, жаңбыр сеуіп өткенде,
Шат көңілге бура бұлттар шөккенде,
Жер көгеріп, көкте құстар әндетіп,
Гүл бәйшешек күлім қаққан көктемде
Сағынамын мен сені.
 
Қайырмасы:
Сағынамын, сағынамын мен сені,
Сағымдардан іздеп жүрмін өзіңді.
Сүйіп өтем, іздеп өтем аяулым
Сағыныштан шермен болған сезімді.
 
Жаз жайнатып, оймен атқан ақ таңда,
Сезім шіркін, жан рахатқа батқан ба?!
Алып ұшқан кеудемдегі ақ сәуле,
Үнсіз жылап, өзіңе тіл қатқанда
Сағынамын мен сені.
 
Қайырмасы:
Сағынамын, сағынамын мен сені,
Сағымдардан іздеп жүрмін өзіңді.
Сүйіп өтем, іздеп өтем аяулым
Сағыныштан шермен болған сезімді.
 
Күз де келіп, құстар ұшып өткенде,
Салқын желі сыздай өтіп өпкенде.
Тағат таппай алып ұшқан жүрегім,
Үнсіз сыздап, көз жасымдай кепкенде
Сағынамын мен сені.

Қар жамылып, сары аяз өпкенде,
Сағыныштан жүрек аза шеккенде.
Алып ұшқан махаббаттың екпіні,
Жанайқай боп бір өзіңе жеткенде
Сағынамын мен сені.
 
Қайырмасы:
Сағынамын, сағынамын мен сені,
Сағымдардан іздеп жүрмін өзіңді.
Сүйіп өтем, іздеп өтем аяулым,
Сағыныштан шермен болған сезімді.
Мақпал Жүнісова, Сағынамын мен сені lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

16.12.2015