Ассалаумуғалейкум lyrics

Мақпал Жүнісова ft. Саламат тобы

2016

1
0

Share:


Қош келдіңіз қадірлі халқым,
Қастерлеген әрдайым салтын.
Рухы биік қайсар елге,
Жаны жаздай жайсан егле.
Ассалаумуғалейкум,
Ассалаумуғалейкум.

Періштедей пейілі адал,
Елді көріп мейірің қанар.
Ақсақалды аталарға,
Ақжаулықты апаларға.
Ассалаумуғалейкум,
Ассалаумуғалейкум.

Сәлем жалпыға,
Көңіл жарқыра.
Алғысым шексіз,
Асыл халқыма.

Қошеметін аямай жүрген,
Өнер қазын аялай білген.
Арқа сүйер ағаларға,
Алтын құрсақ аналарға.
Ассалаумуғалейкум,
Ассалаумуғалейкум.

Жүректегі сенімменен,
Елім деген жерім деген.
Ертенгінің жұлдызына,
Қазағымның ұл қызына.

Сәлем жалпыға,
Көңіл жарқыра.
Алғысым шексіз,
Асыл халқыма.

Сәлем жалпыға,
Көңіл жарқыра.
Алғысым шексіз,
Асыл халқыма.
Алғысым шексіз,
Асыл халқыма.

Мақпал Жүнісова ft. Саламат тобы, Ассалаумуғалейкум lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Қонақ

31 March 2016

жаксы

Асел

16 2016

олен тынлау

абай

21 2016

алматынын тундеры ай

GM

Added Lyrics

30.03.2016