Жез киік Мақпал Диханбаева

Жез киік

0
0

Share:


Lyrics



              
              
1-Жез қанат, күміс бауыр, киік кордім
Дәруі сол ма дерсін күйік-шердің
Жез марал жүреді екен арасында
Қаптаған бетпақтағы киіктердің
Қайырмасы;
Жез киік біздің жаққа қалай келдің?
Жолымды тіке кесіп жанай бердің
Адамның көздерінде екі көзін
Япырмай дәтім шыдап қалай көрдім

2- Дәл саған  курмап еді торды ешкім
Ғайыптан душар болдын, сорды кештің
Мен-дағы сертшіл едім далада өскен
Сен дағы жалтармадың жолды кестің
Қайырмасы;
Асықпа көрейінші жөндеп қана
Кетпесін жаңа тиген мендеп жара
Ет кесіп өз етімнен берсем дағы
Жөніне жіберейін емдеп қана

3-Дедім де коя бердім, ұстамадым
Қасымда қал демедім қыстамадым
Тілеймін суық жақтан есен қайтып
Жылы құм мекеніне қыстаганын
Қайырмасы;
Сулуды адам жаны қимайды екен
Беймезгіл еске түсіп кинайды екен
Жез киік сені аңсаған кездерімде
Бір өзім кең далаға сыймай кетем



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

06.01.2016
Music Videos
Мақпал Диханбаева
Жез киік