Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет lyrics

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

3
0

Share:


«Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет»,
«Мойынға ораза, намаз, - дейді, - міндет».
Алымдар орындауды мәжбүр етер,
Адамға Мұхамбетке болған үмбет.
Егер де намаз палуан пасық шықса,
Олардан ыбырат алып жұрт не білмек ?
Мың ірәкәт намаздан артық деген,
Кісіге істеген бір ізет - үрмет.
Көрсетілген нұсқада әр түрлі іс,
Білмегің өз шаманды әбен дұрыс.
Жамандарға парықы білінбейді,
Арзан, қымбат бағасы, алтын мен мыс.
Алымдардың уағыз кітабында,
Тағдырға жазылған іс болады - мыс.
Деп айтқан мың реттік әжіліктен,
Артық деп халыққа қылған бір әділ іс.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

03.09.2016