Мысық пен ет lyrics

Мағжан Жұмабаев

0
0

Share:


Қарны ашып, мысық байғұс үйге кірді,
Қарады тіміскілеп әрбір жерді.
Жерден іздеп дәнеңе таба алмады,
Ілулі шаңырақта етті көрді.
Қарады етке мысық көзін сатып,
Алам деп секіреді кейде жатып.
Құдайға өкпелейді: «Қол бермедің,
Алар ем,- деп,- бұл етті ағаш атып!»
He керек, ала алмады, азаптанды,
Ашудан өле жаздап аз-ақ қалды.
Қайтсе де ала алмасын білгеннен соң,
Мысығың өзіне- өзі тоқтау салды:
«Қой, не керек, бұл ісің тіпті ұнамас,
Естісе, бұл қылығың көпке ұнамас.
Сасыған, құрттап кеткен жасық етті,
Ханзада, жегеніңмен, ішке ұнамас».
Асылды, қолға түспей, жасық деуші,
Қолға түссе, жасықты майдай жеуші -
Артынан арқан бойы шығып тұрып,
Өз үйінде сабазың сыр бермеуші.
Мағжан Жұмабаев, Мысық пен ет lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

03.09.2016